БІЗ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Біз, қалааралық және шетелдік бағыттар бойынша байланыс операторы бола тұрып, Қазақстан телефон желілеріне шетелдік операторлардың байланысын жеткізіп коймай, Қазақстаннын жергілікті, халықаралық және ұялы байланысының шетелге транзиттік тасымалымен айналысамыз.

«Онлайн Group LLC» компаниясы 8 жылдан астам уақыт бойы осы қызметпен айналысады. Осы уақыт ішінде біз көптеген шетелдік және Қазақстандық серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнаттык. Біз, сенімділігі уақытпен дәлелденген, телефония провайдерлерімен жүйелік байланыс бағыттарын, әр түрлі серверлік тұғырнамаларды, басқа да қосқыштар және тәуелсіз дауыстық трафикті жүйелерін қамтитын сенімді дауыстық байланыс жүйесін құрдық.

Біз өзіміздің бизнеске инвестицияланған әрбір теңгені ең ұтымды пайдалану жолын көздейміз. Бұл, бізге Қазақстан нарығының телекоммуникация және транзиттік дауыстық байланыс саласында ең жоғары сапалы қызмет көрсетуге және бәсекеге барынша қабілетті, ұтымды тариф бағаларын ұсынуға мүмкіндік береді.

Біздің компания телекоммуникация саласында ең жаңа, талапқа сай «қазіргі заманғы» VOIP технологиясымен қатар, «классикалық және тұрақты» ISDN PRI, SS7 бағдарламалық қамтамасыз ету технологияларын пайдаланады. Біздің компанияның, Қазақстандық және халықаралық телекоммуникация операторларының арасындағы желілерінің кез келген түрін дерлік, тез және сапалы байланысуын жүзеге асыруға техникалық мүмкіндігі бар.