Бастау

Біздің компания Алматы қаласында 2007 жылдың басында құрылды. Болашақ құрылтайшылар кездесу барысында Қазақстан байланыс операторын құру туралы шешім қабылдады, өйткені, біздің технологиялық заманымызда қызметтің осы түрі тек Қазақстанда емес, әлемдегі ең маңызды, сұранысқа ие қызметтің бірі болып табылады. Содан бері, компания тез дамып, барлық қажетті рұқсаттар мен лицензияларға ие болды, қажетті құрал-жабдықтар орнатты және оларды іске қосу үшін білікті мамандарды жұмысқа шақырып, табысты бизнес жүргізуге бел буды.

Біздің принциптеріміз

Компанияның жұмыс барысында белгілі бір принциптері құрылды. Кез келген Телекоммуникация компаниясының байланыс сапасы - оның абыройы болып табылады. Біз шын мәнінде абыройымызды жоғары бағалаймыз. Бизнес этикасын сақтау, кез келген бизнес жүргізудің іргетасы болуы тиіс. Бизнес нарығында төмен тарифтер - бәсекелестер арасында компанияның басқару тиімділігінің тікелей дәлелі болып табылады.

Біздің жетістіктеріміз

Қазақстанда халықаралық телекоммуникациялық оператордың ең маңызды жетістігі, әрине, біздің заманға сәйкес біліктілік талаптарын іске асыру болып табылады. Бұл деңгейге жету үшін біз жылдар бойы көптеген материалдық ресурстар, ұжымдық уақыт және қажырлы еңбек жұмсадық. Сол еңбегімізге орай, «ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің» тексеруі негізінде, 2014 жылдың 25 шілдесінде , «Онлайн Group LLC» ЖШС-гі Қазақстандағы халықаралық және қалааралық байланыс қызмет саласында толық біліктілік талаптарына сай деп табылды.